Күлтөбе қалашығынан балалардың ертедегі ойыншығы табылды
Күлтөбе қалашығынан балалардың ертедегі ойыншығы табылды
фото: ашық дереккөз
253
оқылды
Жәдігер ысқырық ойыншықтар тобына жатады. Музыкалық аспап ретінде де пайдаға жараған болуы керек. Қазақстан ғылыми-зерттеу институты қолға алған «Күлтөбе қалашығы тарихи нысандарын реставрациялау» жобасының ғылыми қызметкері Руслан Шербаевтың айтуынша, құс сипатты ысқырғыш топырақтан жасалған. Археологиялық жәдігерлердің сирек кездесетін түріне жатады. Оның көлемі шамамен 5,0 см. Беті қызыл арнайы бояу – ангобпен сырланған. Ойыншықтың үш тесігі бар: ысқырғыштың құйрық тұсында ерін тигізер бөлігі болса, оның ізінше үрлеуіш арнасы басына дейін жалғасады. Аспаптың құйрық тұсында кішкентай сыбызғы – үрлеуіш арнамен байланысып жатқан диаметрі 6 мм-лік тесігі бар. Сыртынан қарапайым ғана көрінетін осынау жәдігер әртүрлі дыбыс шығарады.   [caption id="attachment_49265" align="alignnone" width="300"]ойыншық фото: ашық дереккөз[/caption]
«Дәл осындай ысқырғыштар Еуразия аумағының археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген біршама бөлігінен да табылған. Бәрі де XVII-XVIII ғасырға тиесілі. Мамандардың көбінің пікіріне құлақ ассақ, ертеде топырақтан жасалған мұндай бұйымдар аруақтармен тілдесу үшін, діни рәсімдерде культ құралы ретінде қолданылған», - деп түсіндірді археолог Ерлан Қазизов.