Карантин режимін сақтамаған 74 нысан қызметін тоқтатты
Карантин режимін сақтамаған 74 нысан қызметін тоқтатты
фото: ашық дереккөз
217
оқылды
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантин режимінің сақталуын қадағалау бойынша жұмыстар жалғасуда. Мониторингтік топ мүшелері күн сайын қоғамдық орындар, сауда орындары мен басқа да нысандарды аралап, тексеруде. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөлім қызметкерлері жүргізген жұмыс барысында заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда 100 адамға арналған Gastro Bar «ZTB» қоғамдық тамақтану нысаны 23.00-ден кейін де жұмысын жалғастырған. Сондай-ақ, мұнда келушілер коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында тыйым салынғанына қарамастан қорқор шеккен. Анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша Жол патрульдік полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды.   [caption id="attachment_49300" align="alignnone" width="768"]карантин фото: ашық дерекөз[/caption] Бұған дейін де «Инесса» азық-түлік дүкені, «Алаш» дәмханасы, донер асханасы, шаурма сататын дүңгіршек, «Frat Gelmez»  сұлулық салоны және Медеу ауданының аумағында «sofra», «Тағам» асханаларында, «Small»  супермаркетінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталған. Жекелей алғанда, маска тағу режимінің орындалмауы, қызметкерлерде қолғаптардың болмауы, санитайзерлер мен теріге арналған антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың, термометрия жүргізетін журналдардың жоқтығы, сонымен бірге, тиісті емес азық-түлікті сақтауға қатысты заңбұзушылықтар орын алған. Мониторингтік топтар жұмысын бастағалы қалада барлығы 2353 нысан тексеріліп, оның ішінде 136 нысаннан Алматының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптар сақталмағаны анықталды. Соған байланысты, 74 нысанның (оның ішінде 56-сы нысан басшылығының шешімімен) қызметі тоқтатылып, нысандағы өрескел тәртіп бұзушылықтарға қатысты әкімшілік заңбұзушылықпен байланысты 77 хаттама толтырылды.