Алматы облысында блок-бекеттер қойылмайды
Алматы облысында блок-бекеттер қойылмайды
©Сурет интернеттен алынды
220
оқылды
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствааралық комиссия шешіміне сәйкес, Алматы облысында блок-бекеттер орнатылмайды.  Бұл жайында Алматы облысының әкімдігі хабарлады. "Осы төңіректегі мәселе жүзу маусымы 13 маусымда басталуына байланысты қозғалған. Өткен демалыс күндері біз Қапшағай су қоймасы жағалауында адамның көп шоғырланғанын байқадық. Сондықтан Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдар жабылады.
Бұл - Жетіген жақтан келетін жолға бір мобильді пост қойылады. Онда полиция қызметкерлері тұрады және су қоймасына іргелес жатқан тас жолда екінші пост болады. Қалған жағдайда бәрі бұрынғыдай қалыпта жұмыс істей береді, - дейді әкімдік.