Мектептің жөндеу жұмы­сына оқушылардан ақша жинау тыйылмай тұр
Мектептің жөндеу жұмы­сына оқушылардан ақша жинау тыйылмай тұр
©А.Ахметқазы
532
оқылды
Министрлік «Қазақстанда мектеп оқушыларынан ақша жинаған мұғалімдер қатаң жазаға ұшырайды. Тіпті, жұ­мыстан қуылуы мүмкін» деген-ді. Жергілікті білім беру ұйы­мындағы «алыс-беріске» әкім­дік пен білім басқармалары жауапты. Ал ата-аналар есепті кімнен сұрарын білмей жүр. Мәселенің басында ата-аналардың мектеп әкімшілігінен именетінін айтқымыз келеді. Өйткені олардан мектептегі жөндеу жұмысына ақша жинау жайында сұрағанымызда пікір беруге тартыншақтады. Ертеңгі күні баласына зияны тиіп кетуінен сақтанады. Егер ата-ана бұғатын болса, жауаптылар сұға беретінін ескерсек, бұл мәселе жақында шешіл­мейді. Дегенмен көптің ішінде елдің сөзін сөйлеймін дейтіндер де табылады. Кейінгі жылдары мектептегі жөндеу жұмысына ақша жинау тақырыбы ілуде бір көтерілген-ді. Білуімізше, жергілікті әкімдік пен білім бөлімдері ата-аналардан ақша жинауды доғарған-ды. Министрлік те мәселені жан- жақты қарастырып, жауаптылар жазасыз қалмайтынын ескерткен. Бірақ қазір әлеуметтік желіден ештеңені «жасыра» алмайсың. Ай­мақтағы, мегаполистегі деректер су бетіне «қалқып» шығып жатыр. Сонымен, бірнеше фактіні тізіп, ата-аналар пікірін ұсын­бақпыз. Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook парақшасында «жөндеу жұмысына ақша жинау басталды» деп жазып, Шым­кенттегі №18 мектепте болған жағдайды жариялайды. Бұл жазба желіде резонанс тудырып, елі­міздің түкпір-түкпірінен пікір білдіргендер бар. Кәсіпкердің жазбасына сол мектептің дирек­торы мен Шымкент қаласының Білім басқармасы басшысы да пікір қалдырған. Директор мұндай дерек тіркелмеді десе, басшы жағдайдың анық-қанығына көз жеткізетінін жазған. Ал директор Гүлнәр Сембай­қызының пікіріне желі қолдану­шысы датын айтыпты. «Омарова ханым, бір мектеп жинамады екен деп, бүкіл мек­тепке қалай жауап бере аласыз? Ондай мектептер жетерлік. Қан­ша мұғалім осы мәселемен ай­қасып келеді. Былтырдың өзінде 1 мұғалімнен 8 мыңнан жинап алды. Ата-анадан жинап бересің бе, өз қалтаңнан төлейсің бе, бәрібір. Ал биыл соны айтып жүріп тоқтаттық. Соның өзінде (айтуларымен) кабинетті ақтап бердік. Ал бор, қағаз, табель деген заттарды (беріледі деген) мүлдем көрген емеспіз. Ол зат­тарды сұрағанда үнемі «беріл­мейді» деген жауап аламыз. Ал енді қайда барасың? Талап етіп шықсаң, мұғалім жылауық бо­лып кетті деп шығады» деп жауап жазған Facebook қолдану­шы­сының бірі.  

Кейінгі жылдары мектептегі жөндеу жұмысына ақша жинау тақырыбы ілуде бір көтерілген-ді. Білуімізше, жер­гі­лікті әкімдік пен білім бөлімдері ата-аналардан ақша жи­нау­ды доғарған-ды. Министрлік те мәселені жан-жақты қа­растырып, жауаптылар жазасыз қалмайтынын ескерткен.

  Осыдан-ақ қоғамда бұл мә­се­ленің меңдеп тұрғанын бі­луге болады. Кеңсе тауарларына, мұ­ғалімнің принтеріне, сынып­тағы ұсақ-түйекке ақша жи­най­тын ата-аналар көп екен. Осы туралы бастапқыдағы жазба ав­торының да пікірін білгіміз келді. Айгүл Орынбек ата-ана­лар­дан ақша жинауға үзілді-кесілді қарсы. «Негізі, соңғы бір-екі жыл­да ақша жинау мәселесі тоқ­тап қалған. Қайта басталыпты. Қар­сымын, бізде көпбалалы ана­лар бар. Әр баласына 100 теңгеден берудің өзі оларға ауыр», – дейді ол. Автор жазба­сының астында тұнған «тарих». Біз бірнешеуін на­зарларыңызға ұсынамыз. Гүлнұр Абу есімді желі қол­да­нушысы «Бір кабинетке жөн­деу жұмысын жүргізу үшін 7 мың тең­ге жинаймыз. Жылда бағасы кө­те­ріледі. Биыл 8 мың теңге бо­ла­тын шығар. Кабинет мең­геру­шісі,1 ауысым мен 2 ауысым оқи­­­тын сынып жетекшісі үшке бөлі­не­ді. Бермеймін десең, «ке­ліп, ре­монт істе» дейді» деп жаз­ған. Пікір авторының жеке па­рақ­шасына кірсек, Шымкент қаласы деп көрсетілген. Бір ғана бұл емес... Мира Әліқұлова есімді ата-ана дәл сол жазбаға мұғалімнің қағазына, сыныптың безенді­рілуіне ақша жинаймыз деп жаз­ған. «Баланы шеттетпеуі үшін амал жоқ сұрағанын бересің», – дейді ол. Ақша жинау төңірегіндегі мәселе Шымкент қаласында көтерілген соң жергілікті Білім басқармасына қоңырау шалдық. Алғашында телефонды сыпайы көтерген қызметкер сұрақты естіген соң құлықсыз жауап бер­ді. Білім басқармасы басшы­сының орынбасарының нөмі­рін бергенімен, ол қоңыра­уымызға жауап бермеді. Бірде телефон сымы «үзіліп» кетті, бірде сол күйі тұтқаны көтерген жоқ. Шым­кенттегі Білім бас­қарма­сы­ның мұндай сұраққа жауап бе­руге «мұршасы» жоқ-ау шамасы.   aksha Мұндай мәселе тек Шым­кентте емес, еліміздің түкпір-түкпірінде бар. Мәселен, Ақтөбе облысында тұратын мұғалім Айгүл Нәбиқызы (есімі өзгер­тілді – авт.) өз қалтасынан ақша шығарып, сыныпты әктегенін мәлімдеді. «Осы уақытқа дейін әркім өз кабинетіне қалтамыздан ақша шығарып, әктеп, сырла­дық. Бірақ биыл облыстық Білім басқармасының берген сұхба­тында ремонтқа қаражат бө­лінгенін және оны мұғалімдердің жасамайтынын айтты. Сондық­тан не боларын күтіп отырмыз. Жөндеу жұмысына ата-аналар демеушілік жасайтын. Онда да өз еркімен. Негізінде ақша сы­нып жетекшінің, кабинет мең­герушісінің қалтасынан шы­ғады» дейді ол. Бұдан бөлек, Сарыағаш ау­да­ны Жылға елді мекенінің тұрғыны Гүлзат Сариева желіде С.Сей­фул­лин атындағы мек­тептің жылда бояуға ақша жи­найтынын жазған. Facebook-те Орал Молды есімді желі қол­данушысы елордада бастауыш сынып мұғалімдері ақша жинап, сыныпты әктеп шыққанын атап өткен. Осы орайда елордада тұратын ата-ана Мерей Таңқызынан (есімі өзгертілді – авт.) ақша жи­наудың бар-жоғын сұрадық. «Жыл басында қорға 2 мың тең­геден ақша жинаймыз. Соның ішіне апайдың А4 қағазы, сабын, әжетхана қағазы мен принтердің бояуы кіреді. Қалғаны ремонтқа қалады. Жетпесе жыл соңында тағы 500 теңгеден өткіземіз», – дейді ата-ана. Мерей Таңқызы ақша жина­ғысы келмейтінін, бермесе ба­ласын түртпектей ме деп қорқа­тынын да жасырмады. Жоғары­дан бөлінген ақшаның қайда кеткенін сұраса, жауап жоғын да алға тартты. Сынып жетекшісі де «ақшаны мен жинатып жатқан жоқпын» деп басын алып қашады-мыс. Арасында «ремонт істетсек, балалар үшін жасаймыз. Сол 500 теңге қалтадан түсіп қалады ғой» деп реніш білдіретін ата-ана да бар екен. Тоқетеріне келгенде, мек­тепте ақша жинау үрдісі әлі де бар сыңайлы. Бұдан зардап ше­гіп отырған жан бар болса, ол – ата-ана. Баласының киіміне, тамағына, қала берді сыныптағы сабынға ақша жинауы керек. Қазір қашықтан оқығасын мұн­дай «былықтың» беті ашылған жоқ. Ата-ана ақша жинау ты­йылмай тұр деп әлек, мұғалім өз қалтасынан қаржы шығарамын деп қажып жүр. «Бұлай тартсаң – арба, олай тартсаң өгіз өледінің» кері. Сонда ремонтқа бөлінген қаржы қайда? Біз де, ата-ана да, мұғалім де аң-таң...  

 width=Айзат АЙДАРҚЫЗЫ