"Бекжан" базарында тағы өрт (видео)
"Бекжан" базарында тағы өрт (видео)
235
оқылды
Бүгін сағат 15:13 шамасында Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Бекжан» базарының алдындағы автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектерінен өрт шыққан. [embed]https://youtu.be/qkAw00rIQ6w[/embed] Тілсіз жауды ауыздықтауға Шымкент қаласындағы ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 техникасы жұмылдырылған. Бұл туралы қалалық баспасөз қызметі хабарлады. өрт Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. өрт Тілсіз жау сағат 15:40 шамасында сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.

Естеріңізде болса, бұрынырақта болған "Бекжан" базарында болған үлкен өрт салдарынан сауда орны енді еңсе тіктеп келе жатқан еді. Н. Назарбек.