Нұр-Сұлтанда Абайдың суреті бейнеленген мурал салынды
Нұр-Сұлтанда Абайдың суреті бейнеленген мурал салынды
©Сурет сайттан алынды
1,521
оқылды
Бұл жайында қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.  Абай даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, композитор Абай Құнанбаевтың портреті салынды.
Мурал Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің қолдауымен салынған екен.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда короновирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынды.