Коронавируспен күреске арналған госпиталь Шымкентте де салынды
Коронавируспен күреске арналған госпиталь Шымкентте де салынды
509
оқылды
Өкінішке қарай Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайы өсіп жатыр. Қала аумағында басқа да аса қауіпті инфекциялардың таралу қаупі сақталуда. госпиталь Естеріңізде болса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалада коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы басталған. госпиталь200 орынға арналған госпиталдың құрылысы аяқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. госпитальГоспиталь Қаратау ауданының «Ақжайық» шағын ауданында орналасқан. госпитальҒимаратта 20 төсектік реанимация бөлімшесі бар. 200 төсек-орынға арналған бір қабатты модульдік үлгі бойынша салынды. госпитальБас мердігер - «BI Industrial» ЖШС. Бұл госпиталь қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болмақ. госпитальЕнді мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті барлық пациент қабылданады. госпитальҒимараттың жалпы ауданы 6353 м2 құрайды. Стационарда барлығы 300-ден астам білікті медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді. госпиталь Инфекциялық госпиталь барлық қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталып отыр. Мұнда компьютерлік томограф, сандық рентген аппараты, 20 ИВЛ аппараты бар. госпитальИнфекциялық госпиталь жобасының ерекшелігі - пациенттерге білікті медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының болуы. госпитальРеанимациялық залдар «open space» қағидаты бойынша ашылған. Бұл - медициналық персоналға пациенттердің жағдайын бақылауға жеңілдетеді. госпиталь Госпитальде барлығы 160 жұқпалы ауруға арналған төсек, 20 боксталған палата, 20 реанимациялық төсек бар. госпитальСтационарды жобалау кезінде ғимараттың ішінде эпидемиологиялық режимді сақтауға ерекше көңіл бөлінді.

Н. Назарбек.