Шымкентте белгісіз біреулер әйелдің басына пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болған
Шымкентте белгісіз біреулер әйелдің басына пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болған
175
оқылды
НеМолчиKZ қоғамдық қорының өкілдері әлеуметтік желіде Шымкентте белгісіз біреулердің әйелдің басына пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болғаны және оны ұрып-соғып, зорлап кеткені туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға 26 мамыр күні болған. Жәбірленуші кешкісін өз үйіне бара жатқанда, оған бір топ адам шабуыл жасаған. Олар ұсталған әйелді ұрып-соғып, целлофан пакетпен тұншықтыруға тырысқан. Тісін түк қалдырмай сындырып, жағының үш жеріне жарықшақ түскен. Миы шайқалып, есінен танып қалған. Қылмыскерлер оны өлді деп ойлап, денесін бұтақтармен жауып кеткен. Алайда сау тамтығы қалмаған әйел есін жинап, үйіне жеткен», - деп жазылған хабарламада.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әзірге күдіктілер ұсталмаған.