Қазақстандық АҚШ-та әкім болып сайланды (видео)
Қазақстандық АҚШ-та әкім болып сайланды (видео)
210
оқылды
"Барыс" хоккей клубының экс-капитаны Брэндон Боченски АҚШ қалаларының біріне әкім болып сайланды. Бұл туралы vrk.news порталы хабарлады. [caption id="attachment_50305" align="alignnone" width="1200"]Әкім Боченски Фото ашық дереккөзден алынды[/caption] Боченский ұлттық құрама жейдесінде де өнер көрсетіп, командаға капитан да болған. АҚШ азаматтығымен қоса онда Қазақстанның көк паспорты да бар. Солтүстік Дакота штатының үшінші ірі қаласының басшысы болуға таласқан Брэндон Боченски дауыс беру кезінде қаланың қазіргі мэрі Майк Браунды жеңіп шықты. 50 мың тұрғыны бар Гранд-Форкс шаһары өзінің әйгілі хоккей клубымен танымал. Естеріңізге салайық Боченски елордаға 2010 жылы келіп, сол жылы "Барыс" клубының сұрмергені атанған. https://www.facebook.com/BochenskiForMayor/videos/3101899493190086/