Нұр-Сұлтанда 330 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан
Нұр-Сұлтанда 330 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан
© Сурет интернеттен алынды
145
оқылды
"Қалада барлығы 330 медицина қызметкерінен коронавирус табылған. Бұл - Нұр-Сұлтандағы республикалық, қалалық, ведомстволық мекемелер. Арасында қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарайтын 200 шақты медициналық ұйымдар да бар. Медицина қызметкерлерінің тек үштен бір бөлігі коронавирус инфекциясы жұққан науқастарды емдейтін стационарларда жұмыс істеген" деді Қисықова брифингте. Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының 40 қызметкерінен коронавирус табылған. Олардың барлығы ауру белгілері байқалмағандықтан үй карантинінде жатыр. Сонымен қатар, қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева егер қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар осылайша көбейе беретін болса, карантин шараларын күшейтетінін ескертті.