Тұрғындар өтініші назардан тыс қалмайды
Тұрғындар өтініші назардан тыс қалмайды
5,228
оқылды
Жуырда  партия өкілдері  қаладағы И.Ақынбеков және Ш.Құдайбердіұлы тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. «Nur Otan» партиясы Түркістан об­лыс­тық филиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары Бейсенбай Тә­жі­баев бастаған партия өкілдері Арыс қаласында жаңадан салынған  үй­лердің тұрғындарымен кездесті.  Көшпелі отырысқа қатысқан И.Ақын­беков және Ш.Құдайбердіұлы кө­шелерінің  тұрғындары былтырғы апат зардабының тез жойылып, кө­шелердің абаттандырылып, төңі­рек­тің жайнай түскенін айтты. Өз ке­зегінде Б.Тәжібаев көшесіндегі бір­қатар  ғимараттардың жаңадан са­лынғанын,  құрылыстың сапалы болуын  партия  ұдайы бақылайтынын айт­ты. «Былтыр жарылыстан кейін Арыс қаласындағы жатақхананың тұрғындары баспанасыз қалғандарын айтып шағымданған болатын. Ар­найы жұмыс сапарында партия Төра­ғасының Бірінші орынбасары бұл мә­селені партияның бақылауға алатынын айтты. Мем­лекеттік қол­дау­дың нәтижесінде көп­қабатты үй­лер талапқа сай са­лын­ды. Жалпы, қандай жағдай бол­са да елдің қасынан табылып жүр­ген «Nur Otan» алдағы уақытта да Пре­зидентіміздің «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» тұжырымдамасы бойын­ша жұмысын жалғастыра береді», – дейді ол. «Nur Otan»  партиясы Төра­ғасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек был­тыр әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Арыс тұрғындарымен кездесіп, қаланы қалпына келтіруге ба­рын­ша қолдау көрсетілетінін айтқан болатын. Кездесуде И.Ақынбеков және Ш.Құдайбердіұлы көшелеріндегі ескі жатақхана тұрғындары жары­лыстан үйлері мүлдем жарамсыз болып қалғаны жөнінде шағымданған еді. Бұл мәселе де партия бақылауына алынып, 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған қос ғимарат үш қабатты үйге айналып, қайтадан салынды. И.Ақынбеков және Ш.Құдайбердіұлы көшелерінде бой көтерген 33 және 24 пәтерлі екі үйдің құрылысына 600 миллионға жуық қаржы қаралды. 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмысы басталып, нәтижесінде қара­ша айында заман талабына сай үйлер салынды. 57 отбасы баспаналы бо­лып, қуанышқа кенелді. Тұрғын үй­лер дербес жылу қазандығымен қам­тылған. Бүгінде аталған үйдің тұр­ғын­дары мемлекет басшылығына, құрылысты бақылауға алған партияға ри­зашылықтарын білдіруде.  

 А.ЖАСАНҰЛЫ