Апаттан арашалау жалғасуда
Апаттан арашалау жалғасуда
420
оқылды

– Мемлекет басшысы Қ.То­қаев оқиға орнында болып, төтенше жағдайға қатысты нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шаралар ұйы­м­дастырылды. Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өкі­нішке қарай, екі адам – жергі­лікті тұрғын және әскери қыз­метші қаза тапты. Олардың туған-туыстарына көңіл айта­мыз, – деді А.Мамин.

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов қуатты жарылыстан кейін 165 адам медициналық жәрдемге жүгінгенін хабарлады.

– Олардың ішінде 76 адам­ға амбулаториялық көмек көр­сетілді, 89 сырқат ауруханаларға, стационарлық емдеуге жатқы­зылды. Жансақтау бөлмелерінде «көптеген жарақат-полит­рав­ма» диагнозы қойылған 15 сыр­қат ем қабылдауда. Пациент­тер­дің негізгі бөлігі Шымкент қаласындағы облыстық клини­калық, облыстық балалар және қалалық клиникалық ауруха­наларда жатыр. Енді бірқатары Түркістан облысының аудандық орталықтарында емделуде, – деді министр.

Медкөмек көрсету үшін 22 жедел медициналық бригада жұмылдырылыпты. Алматы қа­ласынан жергілікті мамандарға кеңес беруі үшін 2 мультидис­циплинарлық команда жібе­рілген: арасында реанима­толог­тар, травматологтар, балалар нейрохирургтары бар.

– Бүгінде реанимацияда 2 бала жатыр. Оларға қажетті кө­мек көрсетілген. Жалпы, бар­лық сырқаттар Денсаулық сақ­тау министрлігінің бақы­ла­уында. Қажетті меджабдық­тар­мен, дәрі-дәрмекпен қамтама­сыз етілген, – деп сендірді Елжан Біртанов.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың дерегінше, қазір қаладағы отқа оранған нысандарды сөндіруге 23 өрт сөндіруші есептоп күш салуда. Олар 19 тұрғын үйдегі, 9 шаруа­шылық нысандағы және дала­дағы 14 өртті ауыздықтаған.

– Снарядтардың ары қарай жарылуының және жан-жаққа шашырай ұшуының жалғасуы кесірінен әскери бөлім қойма­ларындағы өртті сөндіру қиынға түсуде. Дәл осыған бай­ланысты қаладан 41 мыңнан аса адам эва­куацияланды. Оның 39 мың­дайы өз бетінше кетіп қалды. 2815 адам көшірілді. Таяудағы, яғни 30-50 шақырым қашық­тықтағы кенттерде 5 эва­куа­­циялық пункт жасақ­тал­ды, – деді ІІМ басшысы.

Ол Арыс қаласының өне бойында блок-посттар орна­тыл­ғанын мәлім етті: «Қалада жерге құлағанымен жарылмай қалған снарядтар бар. Сондық­тан азаматтардың қалаға кіруіне тыйым салынды. Қала ішінде 75 полиция тобы жұмыс атқаруда, олар тұрғындардың мүлкі мен заттарын ұрлаудың алдын алуға тиіс. Дегенмен бір дүкен мен үйді тонаған 3 адам ұстал­ды», – деді Е.Тұрғымбаев.

Вице-премьер Ж.Қасым­­­бектің айтуынша, жарылыс дүмпуінің ғаламат болғаны сонша, соққы толқынынан қа­ладағы үйлердің 70 пайызда­йының терезелері сынып кет­кен: «Алдын ала деректер бо­йын­ша Арыста өрттен 19 тұрғын үй, 9 ғимарат зардап шекті. Электр желілері бұзылған. Материалдық залал туралы нақ­ты деректер Үкіметтік комис­сия­ның зардапты бағалау және өтеу жөніндегі сауалнамасы негізінде анықталады. Комис­сия жұмысы Қорғаныс минис­тр­лігінің саперлық бөлімше­лерінің жұмысы аяқталғасын басталады», – деді ол.

Үкімет басшысы ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасына сәйкес, Үкіметтік комиссия Арыстағы тұрғын үйлерге, қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандарға келтірілген залалды бағалай­тынын және қажетті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

– Арыс қаласының тұрғын үй қоры және инфрақұрылымы қысқа мерзім ішінде қалпына келтіріледі. Үкімет тарапынан қажетті шаралар шұғыл атқа­рылатын болады. Еліміздің бар­лық азаматы Арыс қаласы­ның тұрғындарының жағдайына алаңдауда және өз беттерінше қолдан келген көмектерін ұсы­нып жатыр. Бұл ретте Nur Otan партиясының Арыс тұр­ғын­дарына қол ұшын созу мақса­тында қаражат жинау баста­ма­сын қолдауға шақырамын! – деді Асқар Мамин.