Құрылыс нысандарына бақылау жасалды
Құрылыс нысандарына бақылау жасалды
фото: ашық дереккөз
375
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар жіті бақылауда. Алматы қаласының Әуезов ауданында 80-нен астам нысан жұмыстары барысын «Nur Otan» партиясы бақылауда ұстап отыр. Кезекті рейд жүргізген аудандық партия филиалының мониторингтік тобы алдымен жалпы білім беретін №121 мектеп құрылысымен танысты. Қазір бұл мектепте 2031 бала екі ауысымда оқиды. Әр сыныпта кемі 30 баладан бар. Қазіргі таңда мектеп жанынан 550 орындық жаңа құрылыс нысаны бой көтеріп келеді. Келешекте бұл жерде мектептің бастауыш сынып оқушылары оқитын болады. Құрылыс келер жылдың қыркүйегінде аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда жұмыстар белгіленген кесте бойынша іске асырылып келеді. Бақылау комиссиясы бұл нысанға бұдан бұрын да келіп, бірқатар сын-ескертпелер айтқан болатын. Бұл жолы тағы да тексеру жүргізіліп, істің барысы пысықталды. Құрылыс нысанында отандық құрылыс материалдарын пайдалану және отандық жұмысшыларды тарту жайы да бақылауға алынған. Қауіпсіздік пен карантин шараларын сақтау туралы да айтылды.   [caption id="attachment_50702" align="alignnone" width="960"] width= фото: ашық дерекккөз[/caption]
"Қазір коронавирус инфекциясы таралуына байланысты барынша сақтық шараларын қолға алуымыз керек. Біз құрылыс нысанына келгенде ыстығымызды өлшеген ешкім болған жоқ. Құрылысшылардың біразы маскасыз жүр. Осының өзі тәртіп бұзғандық болып саналады. Егер заңды тұлға ретінде айыппұл салынса, бұл жақсы емес. Байқап отырғанымыздай, қауіпсіздік шараларын сақтау өте төмен. Тағы да ескертіп айтайын, сіздер мемлекеттік мекеме құрылысын салып жатырсыздар. Сондықтан барлық стандарттар мен талаптар қатаң сақталуы тиіс. Біз бұл жерге партиялық және депутаттық бақылаушы ретінде келіп отырмыз. Жұмыс барысын алдағы уақытта да бақылауда ұстайтын боламыз" – деді «Nur Otan» партиясы мүшесі, Алматы қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов.
Құрылыс нысаны төлқұжатында жұмыстың басталуы не аяқталуы туралы ақпарат берілмегендігі, №121 мектептің бұрынғы корпусы мен жаңа құрылыс нысаны арасында ешқандай қоршау қойылмағандығы сынға алынды. Мониторингтік топ бұдан кейін №23 бала бақша құрылысы барысымен танысты. 1970 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан бұл нысанда күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның сейсмикалық беріктігі нығайтылмақ және заманауй үлгіде қайта жөнделмек. Балабақша тәрбиеленушілері бүгінде өзге балабақшаларға орналастырылған немесе ата-ата-анасының қалауымен олардың қасында. 3 маусымда басталған жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.   [caption id="attachment_50703" align="alignnone" width="960"] width= фото: ашық дереккөз[/caption]
"Бүгінгі бақылауға алынған екі нысанда да жұмысшылардың 50 пайыздан астамы «Жұмыспен қамту» басқармасының жолдамасымен жұмысқа келгендер. Техникалық қауіпсіздікке, басқа да ескертпелерімізді айттық. Қос мекеменің басшылары да құрылыс-жөндеу жұмыстарының басы-қасында жүр. Жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп келеді. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген ақшалар уақытылы игеріліп, нысандар белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі деп ойлаймын", – деді «Nur Otan» партиясы Әуезов аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Төлеуғали Тайтөлеев.
Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарда келісімшарт бойынша 90 пайыз отандық құрылыс материалдары пайдаланылуы тиіс. Тек елімізде жоқ материалдар ғана өзге елдерден жеткізіледі.