Жерлеу рәсіміне барған ШҚО тұрғыны 6 адамға коронавирус жұқтырды
Жерлеу рәсіміне барған ШҚО тұрғыны 6 адамға коронавирус жұқтырды
© сурет интернеттен алынды
253
оқылды
ШҚО Асубұлақ елдімекенінің тұрғыны жерлеу рәсіміне барып, бірнеше адамға коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды облыстың ақпараттық орталығы.
«30 мамыр күні Асубұлақ елдімекенінің тұрғыны күйеуімен Өскеменге жерлеу рәсіміне барған. Олардан басқа бұл жерде тағы 16 адам болған. Одан шығып, ерлі-зайыптылар Алтай ауданына барды. 31 мамыр күні Асубұлақ елдімекеніне оралды. 3 маусым күні әйелдің температурасы 39 градусқа дейін көтерілген. ПЦР-тест нәтижесінде оның коронавируспен ауыратыны анықталды. Онымен байланыста болған 6 адам тапсырған тест оң нәтиже көрсетті», - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда олар үй карантиніне жатқызылды. Вирус жұқтырғандар болған орындар дезинфекцияланды.
«Жауапсыздық кесірінен, қауіпсіздікке бей-жай қарағаннан 7 адам коронавирус жұқтырды. Тұрғындарды отбасылық мерейтой немесе басқа да іс-шаралар өткізбеуге, карантин талаптарын сақтауға шақырамын», - деді Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Марат Исмаилов.