Ақмола облысында каратин күшейтіледі
Ақмола облысында каратин күшейтіледі
©Сурет интернеттен алынды
185
оқылды
Эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін Ақмола облысының аумағында  қандайда бір шаралар өткізуге шектеу қойылды. Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық инспекторы 14 маусымнан бастап, елдегі карантинді күшейтті. Енді  65 жастан асқан адамдар мен 14 жасқа дейінгі балалардың серуендеп, қыдыруына тыйым салынды. Оның арасында саябақтарға, ойын алаңдарына шығуға, отбасылық іс-шараларға, мерейтойға жиналуға тыйым салынды. Жалпы, он адамнан артық жиналмауы керек. Оның өзінде арадағы 2 метр қашықтықты сақтаған жөн.