Ең мықтыларды іріктеуге жол ашады
Ең мықтыларды іріктеуге жол ашады
313
оқылды
Біздің қоғам үшін жаңа тә­жірибе саналатын прай­мериз – ішкі таңдау арқылы пар­тия қатарындағы ең мық­тыларды іріктеуге жол аша­ды. Осыған дейін партиялық тізім­мен сайлауға түскен аза­маттарға енді іс жүзінде өзі­нің шын мәнінде мықты әрі сол орынға лайықты еке­нін дәлелдеуге мүмкіндік туы­н­дайды. Биыл 17 тамыз бен 3 қа­зан аралығында өтетін саяси до­даға түсу үшін бұрын пар­тия қатарында болмаса да өзінің тындырымды тірлік­тері арқылы қоғамның да­муы­на атсалысып жүрген аза­маттардың партия қата­ры­на өтіп, праймеризге тү­суі­не жол ашылмақ. Яғни, бұ­рын саяси ұйымға мүше ре­тінде енгізілмеген азамат­тардың лайықты бағдарла­масы мен нақты  ұсыныс­тары болса, праймеризге қа­ты­сып, бағын сынап кө­руі­не жағдай жасалғалы отыр. Еліміздің көшбасшы пар­­тиясы дамыған елдердің тә­жірибесіне сүйеніп қолға алған праймериз нағыз сай­лауға дейінгі – сайлау. Қыс­қаша түйіндегенде, прайме­риз – негізгі сайлауға абы­рой­лы әрі көптің көңілінен шығатын үміткерлерді шы­ғару үшін саяси ұйымның өз ішінде жасалатын таңдауы. Сондықтан өзін осы прай­ме­ризге қатысу арқылы елдің дамуына сүбелі үлес қоса ала­­мын дейтін кез келген бел­сенді азаматтарды атал­ған сайлауалды іріктеуге тү­сіп, бағын сынап көруге ша­­қыра­мын. Бүгінде қанша уақыттан бе­рі партия ішінде қызу тал­қыланып келген праймериз өткізу тәсілі Саяси кеңес мү­ше­лерінің дауыс беруімен арнайы ереже болып қабы­л­данды.  Енді халық қалаулы­сы болу үшін бірқатар ашық сынақтан мүдірмей өтіп, өз білім-білігіңді дәлелдеуің керек. Елдің өзекті мәселесін кө­терген тұғырнама әзірлеп, қызу өтетін пікірталаста жо­ба-жоспарыңды жіті таныс­тырып, жеткізуің қажет. Демек, сіз бен бізді алдағы уа­қыт­та қызықты әрі маңыз­ды тұғырнамалар мен жа­лын­ды пікірталас күтіп тұр.  

Мұратәлі ҚАЛМҰРАТОВ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы  төрағасының орынбасары