Праймеризге қатысушыларға арналған онлайн сабақ басталды
Праймеризге қатысушыларға арналған онлайн сабақ басталды
372
оқылды
«Nur Otan» партиясы Сая­­си ме­нед­жмент мектебі ди­рек­­то­ры­ның орынбасары Сәуле Бақ­­тым­бет алғашқы оқу күнінің қа­­лай өт­кені туралы айтып бер­ді. Қазіргі уақытта партияны қайта жан­дандыру мақсатында 15 мау­сым­нан бастап  7 тамызға дейін «Nur Otan» партиясының Саяси ме­недж­мент мектебі партияішілік прай­ме­ризге қатысушыларға арнайы тре­нинг ұйымдастыруда. – Біз вебинарлардың ақысыз се­риясын бастаймыз. Еліміздің 17 ай­мағынан қатысушылардың са­нын 3 500 адамға жеткізуді жос­пар­лап отырмыз. Бүгін Павлодар және Қос­танай облыстарынан азаматтар қатысты. Олар бастауыш партия өкілдері және «Nur Otan» партия­сы­ның кадрлық резервіне үміткер­лер, – деді Сәуле Бақтымбет. Праймеризге қатысушылар сая­си және партиялық мансапты құру­ға қатысты еліміздегі белгілі сарап­шылардан кеңес алып, 4 сағат бойы  интерактивті пікірталас өткізді. Сондай-ақ аталған топтар арасында шы­ғармашылық тапсырмалар мен практикалық сабақтар орындалды. Курсқа спикер ретінде Қазақ­стан­ның  белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев, «Nur Otan» партиясы Қоғамдық сая­сат институтының директоры Юлия Кучинская, бизнес-жаттық­тыру­шы, психолог, кәсіби медиатор Жанель Сариева және журналист, продюсер, Саяси маркетинг мекте­бінің негізін қалаушы, шешендік өнер бойынша жаттықтырушы Ғазиза Райымбек қатысып, әртүрлі тақырыпта дәріс оқиды. «Nur Otan» партиясының Саяси ме­­неджмент мектебінде өткен ве­би­нарда «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» деген та­қырып қозғалды. Оқыту бағдар­ла­ма­сы он­лайн режимде өтетін төрт модуль­ден тұрады. Бірінші модуль: Пар­­тияішілік іріктеу – праймеризін іске асыру механизмі. Екінші модуль: Праймеризді өткізудің ха­лықаралық тәжірибесі. Депутаттың би­ліктегі рөлі мен орны. Үшінші мо­дуль: Депутаттың бейнесі. Имидж және мінез-құлықтың тиім­ді үлгісін қалыптастыру. Төр­тінші модуль: Саяси шешендік. – Спикерлер онлайн сабаққа қа­тысушыларға депутаттың имиджі қан­дай болуы керек екенін айтады. Сон­дай-ақ вебинарда сарапшылар мен жаттықтырушылар дәріс оқи­ды. Мәселен, Ермұхамет Ертісбаев депутаттардың қоғамның саяси өмі­ріндегі рөлі туралы ойымен бө­лісті. Спикер сондай-ақ қазіргі за­ман­ғы үрдістерге де тоқталды. Бұл вебинарға қатысушылар үшін өте маңызды дәрістің бірі болды, – деп атап өтті Сәуле Бақтымбет. «Партияішілік іріктеуді жүзеге асырудың тетігі – праймериз» атты екінші модуль барысында «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская дәріс оқыды. Ол прай­мериздің негізгі үлгілері және оны өткізудің артықшылықтарын, кан­дидаттарды ұсыну тәртібі және пар­тия қандай талаптар қоятыны жөнінде және тағы да басқа  тақы­рып­тарға тоқталды. Көптеген қа­тысушыларды партияішілік прай­мериздің мақсаты мен міндеті қы­зықтырды. Семинарда прайме­риз­дің негізгі принциптері мен ке­зеңдеріне қатысты бірқатар сұрақ қойылды. Өз кезегінде Жанель Сариева де­путаттың имиджі қандай болу керек екенін түсіндірді. Ал вебинар соңында Ғазиза Райымбек кәсіби сөйлеу дауысының негізгі қасиеті, оны дамыту туралы тәжірибесімен бөлісті. – Бұл семинарлар кандидат­тардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, пікірта­лас­тарда қарсыластарына ықпал ету және сендіру әдістерін сауатты қол­дануға көмектеседі. Тәжірибелі сарап­шылар оларға саяси брендті ілгерілету үшін технологияны қа­лай қолданатынын  және сайлау­шылар арасында сайлау науқанын қалай өткізу керегін үйретті, – деді Сәуле Бақтымбет.  

Әбілмансұр ЖАСАН