Коронавирустан көз жұмғандар саны 81-ге жетті
Коронавирустан көз жұмғандар саны 81-ге жетті
5,149
оқылды
Коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды, - деп хабарлады coronavirus2020.kz. Алматы қаласы - 1964 жылы дүниеге келге ер адам және 1971 жылы туған әйел адам, Ақтөбе облысы - 1955 жылы туған ер азамат, Павлодар облысы - 1954 жылы дүниеге келген әйел адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 81 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 15
Алматы қаласы – 12
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 6
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 3
Ақтөбе облысы - 1