Қарағандыда бір тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды
Қарағандыда бір тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды
174
оқылды
Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 50 жағдайы тіркелді.Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның телеграм каналы хабарлады. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 50 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды. Қарағанды қаласында жұқпаның – 45 жағдайы, Бұқар жырау ауданында - 5 жағдай анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді. 2020 жылдың 15 маусымдағы ахуал бойынша облыста 1572 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 7 өлім жағдайы және 665 пациент жазылып шықты. Еске салсақ, Қарағандыда 13 маусымнан бастап карантиндік шаралар күшейтілген болатын.