COVID-19 вакцинасының сынағы сәтті өтті
COVID-19 вакцинасының сынағы сәтті өтті
©Сурет интернеттен алынды
153
оқылды
Бұл сынаққа 30 мың адам қатысуда. BioRxiv сайты хабарлағандай, АҚШ-тың Moderna компаниясы коронавирусқа қарсы сынақты алдымен тышқандарға өткізген.
Нәтижесінде, ғалымдар тышқанға қолданған мөлшердің өзі адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деген тұжырымға келді. Зерттеу барысында олар тышқанға сол препаратты бір мөлшерде бір-екі реттен салып отырған. Аз мөлшердің өзі иммундық жүйені күшейтіп, ағзаның күресуіне мүмкіндік береді екен.
Оған қоса, хал үстінде жатқанның да иммунитетін күшейтті. Осыған қарап мамандар, бір дозаның өзі адамды вирустан қорғай алатынына сенімді. «Әрине, тышқанға жүргізген зерттеу адамдарға да оң нәтиже береді деген сөз емес. Алайда 30 мың адам қатысқан зерттеу шілде айына дейін жүргізілмекші. Әзірге көрсеткіш жақсы» дейді компания өкілі.