Үйі өртеніп, балаларымен далада қалған көпбалалы әкені әкімдіктегілер мазақ еткен
Үйі өртеніп, балаларымен далада қалған көпбалалы әкені әкімдіктегілер мазақ еткен
©сурет интенеттен алынды
272
оқылды
Видеода Алматы облысында тұратын көпбалалы таяуда үйі өртеніп, балаларымен далада қалғанын айтады. Ер адам әкімдікке көмек сұрап барған, алайда шенеуніктер оны мазақ қылған. 
"Әкімнің көмекшісі менімен байланысқа шықты, аты-жөнін білмеймін. Ол "инстанцияларға барып, өз ауылдық округтеріне барыңдар" деді. Мен оған жағдайды түсіндірдім, осымен көшеде екінші күн түнеп жатқанымызды айттым. Ол маған күлді де "Сіз бұған дейін апат жағдайдағы үйде тұрдыңыз, бұған да үйренесіз" деп айтты", - дейді ол.
video?id=0_tlenekc3&t=5 Көпбалалы әке бұл оқиғаны айтып, көз жасына ерік берді. Ол ақша талап етпейтінін, тек үйді жөндеу үшін материалдар сұрағысы келетінін атап өтті. Ер адамның айтуынша, оның бес баласы бар. 13 маусымда олардың үйі өртеніп, төбесі құлаған. Көпбалалы әке көмек сұрап, Іле ауданының әкімдігіне барған. Алматы облысының баспасөз қызметі өз кезегінде бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
"Көпбалалы әке аудан әкімдігіне келді. Өкінішке қарай, біздің әріптестеріміз қажет шараларды қабылдамады. Бүгін әкімнің тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасына уақытша баспана берілді", - деді ведомстводағылар.
Әкімдіктегілердің айтуынша,  баспана демеушілер қаражаты есебінен берілмек.