Қорғас хабы – басты назарда

Қорғас хабы – басты назарда

Ауданы 3 010 шаршы метр бо­латын «Қазпошта» АҚ-ның бонд­тық қоймасы қорғастық көліктік-логистикалық хабы аумағында ор­­наласқан. Ол авиажеткізілім мерзі­мін 2-3 күнге дейін, ал автокөлікпен жеткізуді 7-12 күнге дейін қысқар­туға, сонымен қатар пошта опера­торына әріптестер санын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ішінара Қаз­пошта инфрақұры­лы­мын пайда­лану туралы Clevy, OBORCloud Network Technology Co., Ltd және бірқатар басқа да қытайлық логис­тикалық компаниямен уағдалас­тықтарға қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда қытайлық әріп­тес­тер Қазақстан арқылы транзит­пен осы жылдың соңына дейін 400 тон­надан астам тауар жіберуге дайын. Ерекше атап өтілгені, қойма Қы­тай­дан Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдеріне бағытталған тран­зиттік жүктерді өңдеуге арнал­ған. Өндірістік қуаты орташа есеп­пен күніне 15-20 тоннаны құрайды, сы­йымдылығы – шамамен 58 тонна.

Қазіргі таңда трансқұрлықтық контейнерлік жүк ағыны үшін жаңа тартылыс орталығына Khorgos GateWay құрғақ порты айналып отыр. Өңделетін контейнерлер көлемі жыл сайын артуда. 2018 жылы 134 мың­нан астам ДФЭ (жиырма футтық экви­ва­лент) қайта тиелген, бұл 2017 жыл­­ға қарағанда 39% көп.

– Алғашқы жартыжылдықта 66,5 мың ДФЭ өңдедік. Жалпы ал­ған­да бір жылда контейнерлер тиеу­ді 21%-дан асыру жоспарлануда, – деді KTZE- Khorgos GateWay ЖШС бас директоры Ибрагим Манабаев.

Ахметжан Есімов елде кон­тейнерлік тасымал 47% арт­қанын жеткізді. Бұл ретте ол KTZ Express АҚ басқарма төрағасы Дмит­рий Абдуллаевқа қарата, биыл қанша жүк тиелу жоспарда тұрғанын сұ­рап, қызығушылық танытты. Және бұл көрсеткішті миллионға дейін жеткізу расында мүмкін бе деп сұрады.

KTZ Express басшысы биыл компания жоспары бойынша – 824 мың контейнер ДФЭ екенін жет­кізді. Бірақ осы көрсеткішті арттыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Таяуда Д.Абдуллаев Қытайға ұшып, сондағы әріптестермен 20-ға жуық кездесу және Чунсин, Чунду, Сиань провинцияларында келіссөздер өткізеді.

– Коммерциялық жұмыстар ұда­йы жүргізілуде. Теңіз бағдарлары бойынша да, Трансіб аумағы арқылы да жүк ағынын тартудамыз, – деді ол.

Делегация барған кезде құрғақ портта екінші контейнерлік құрам­ды қайта тиеудің жұмыстары жүріп жатты. Біріншісі бұл жерден бірнеше сағат бұрын Еуропа бағытында жө­нелтілген. Ал екіншісінің бағыты – Ақтау порты, оның құрамында Иран­ға кететін 40 контейнер болды. Бұл ретте аталған пойыздың «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­рының қолдауымен биыл сәуірде Бакуге бағытталған қазақстандық «Түркістан» кемесін пайдалана отырып, іске қосылған фидерлік желіге тікелей қатысы бар.

Бұрын контейнерлік жүктерді жинақ құраммен тиейтін, онда кас­пийлік портқа кететін 1-2 кон­тей­нер болды. Ал қазір жүктер шо­ғыры жасалуда. Мұндай пойыздар Қа­зақ­стан аумағы арқылы 1 200 км/тәулік жылдамдықпен жүреді. Ақтау теңіз портында 225 контейнерге есеп­телген фидерлік кемеге тиеледі, ол
2 то­лық құрамды пойыз тасымалын қамтамасыз етеді.

– Ақтау теңіз портындағы бұл желі тұрақты кестемен жұмыс іс­теуде. Бүгінгі пойыз сейсенбі күні Ақтауда болады, сәрсенбіде оны Каспий арқылы жеткізу орынына жөнелтеді. Сонымен бірге, Қорғасқа жақындаған кезекті пойыз Қытай аумағы арқылы жүреді, – деді Д.Абдуллаев.

Ақтау, Баку (Алят) порттары ара­сындағы фидерлік қатынас күн сайын айналымға шығып, сұранысы жоғарылауда. Екі ай ішінде фидерлік класты кемелермен 700-ден астам контейнер тасымалданған. Тек сәуір айының өзінде олардың саны 200 болды, ал маусымда Ақтау порты 500-ден астамын жөнелтті. Ақтау портындағы аталған логистикалық сервистің әлеуеті жылына 300 мың­нан астам контейнерді құрайды.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты, Ақтау теңіз пор­ты және Алтынкөл шекаралық стан­сасының логистикалық инфрақұ­рылымын пайдалану аталған бағдар мен өңірдің дамуында ең жоғары мультипликативтік тиімділікке ие болады.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық аймағында жа­қын күндері жалпы ауданы 25 мың шаршы метр KIF Warehouses ЖШС жаңа қойма кешені іске қосылады. Ол үшін ғимаратты дер кезінде тол­тыруды қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек.

– 2025 жылға дейін жалпы со­масы 421 млрд теңгенің 10 инвес­­тициялық жобасы жүзеге асырыл­мақ, – деді «Қорғас – Шығыс қақ­пасы» АЭА» АҚ бас директоры Мұрат Баймұханбетов.

«Нұрлы жол» қосынын қарау кезінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында автокөліктердің кедергісіз қолжетімдігін қамтама­сыз етуге көңіл бөлінді.

«Қорғас» ХШЫО» АҚ прези­денті Қаһарман Джазин «Қорғас» ХШЫО» АЭА басқару компаниясы мәртебесін алысымен Халықаралық орталықтың қазақстандық аума­ғында жұмыс істейтін компания­ларды тіркеу басталатынын айтты. Олардың бәрі көрсетілген жеңіл­дік­тер пакетін алады – ҚҚС, КТС -дан және жер мен мүлікке салықтардан толықтай босату.

– Біздің АЭА экономика үшін мультипликативтік тиімділік алуға есептелген. Қазақстандық тауар өндірушілердің, сонымен қатар ЕАЭО елдерінің Қытайға экспортын ынталандырамыз, – деді Қ.Джазин.

Жұмыс сапары барысында кө­лік­­тік-логистикалық хабтың келе­шек­тегі дамуы бойынша нақты тап­сыр­ма­лар берілді.

Ирина БЕКТИЯРОВА,

Қорғас