Алғашқы аукцион
Алғашқы аукцион
321
оқылды

Жаңа жобалар игілігін беруде. Мәселен, партияның Қызылорда облыстық филиалының бастама­сымен облыс дамуының сала­ларын цифрландыру аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында коммуналдық қыз­меттерді қосуға, техникалық шарт­тарды беру бойынша геоақ­параттық онлайн сервис іске қосылған. Мұнда кәсіпкерлерге бір терезе қағидасы бойынша, 40-тан астам қызмет түрлері тегін көрсетіледі. Кәсіпті жаңадан бастаған азаматтар үшін инже­нер­лік коммуникацияларға қа­жетті құжаттарды уақыт жоғалт­пай, бір жерден электронды түрде алуға жағдай жасап отыр. Жоба аясында Сыр өңірі алғаш рет жер телімдеріне онлайн аук­цион өткізіп, оған 100-ден астам азамат қатысқан. «Геоақпараттық онлайн сервис жобасы» респуб­лика бойынша үлгілі жоба ре­тінде танылып, Елбасынан оң бағасын алды.

Nur Otan партиясы «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында өз қызметін сандық жүйеге көшіріп қана қоймай, еліміздегі ІТ са­ласын дамытуды да қолға алды. Ол үшін ІТ орталықтар мен ІТ-сыныптар ашып, тегін білім алуға мүмкіндіктер жасап отыр. Өңірде ІТ мамандар даярлау партиялық жобасы аясында Әбділда Тәжі­баев атындағы облыстық ғылы­ми-әмбебап кітапхана базасында оқырман, соның ішінде жастар­мен іскерлік жүздесу мен шебер­лік сабақтарын өткізуге бағыт­талған IT парк алаңы, коуоркинг орталығы мен Book кафесі қар­қынды жұмыс істеуде. Коуоркинг орталықтары өңірдің барлық ауданында ашылып, жастарға қызмет етуде.

Қызылорда облысында пар­тияның «Бірыңғай онлайн кітап­хана – Білім орталықтары» жо­басы шеңберінде кітап қорын электронды форматқа көшіру жұ­мыстары қарқынды қолға алын­ған. Қазір өңірдегі 209 мем­лекеттік кітапхананың 129-ы ин­тернет жүйесіне қосылса, оның 70 пайызы – ауылдық кітап­ханалар. Бүгінде бұл кітапханалар заманауи жабдықтармен жаб­дықталып, оқырмандар, соның ішінде жастардың барлық қа­жетті іскерлік кездесулері мен шеберлік сабақтарын өткізуге ыңғайлы қарым-қатынас орта­лығына айналса, ІТ технология­ларды қолдану арқылы балалар­дың білім алуына қолжетімділікті арттыру бағытында 20 ІТ сы­ныптар ашылып, бүгінде 5 406 ба­ла тегін білім алуда. Жоба ая­сында жас ұрпақтың жаңа техно­логияны меңгеруіне облыс бюд­жетінен 60 млн теңге қаржы бө­лініп, IT-IMAQORDA атты балалар технопаркі де іске қо­сылған. Мұнда жас жеткіншек­тердің ақпараттық-техникалық бағытта шығармашылығын да­мы­ту мақсатында 12 жаңа каби­нет ашылып, 150-дей өрен жаңа саланы игеруге талаптануда. Білім мен ізденістің нәтижесінде ғылыми жаңалықтарды бағын­ды­руға талпынған балалар шы­ғар­машылығына еріксіз бас ие­сің. Атап айталық, ізденімпаз оқушы Раушанбек Бейбарыс авиа­ция саласы бойынша ква­дра­копты дрон құрастыру арқы­лы республикалық өнертап-қыш­тар сайысында І орын иеленген.

– Бұл түрлі қызмет атқарады. Әзірге 2,5 келі жүкті тасымалдай алады. Әсіресе, почтальон қыз­метін атқаруға қолайлы. Соны­мен қатар фото, видео түсіруге де пайдалануға болады, – дейді Раушанбек Бейбарыс.

Өңірде жастардың сапалы білім алуына, ғылыммен айна­лысуына барлық жағдай жасал­ған. Осы орайда он жеті аймақ­тың ішінде білім саласына ең көп қаржы бөліп отырған Қызылорда облысы екенін атап өткен жөн. Себебі, Сыр өңірінің балалары шетінен талантты, өнерлі. Соңғы екі жылда мектеп бітірген тү­лектердің 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуда. 500-ден аса түлек Мәскеу мен Санкт-Петербордың маңдайалды оқу орындарында оқып жатыр. 900-дей көпбалалы отбасылардың ұл-қызы облыс әкімінің грантымен жаңа маман­дықтарды игеруде. Мұнан бөлек, Сыр елінен 4 500 жас «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алуда. Олар ел ертеңі жаңа ма­ман­дықты игеріп, ел дамуына үлес қосады.