Дәрігер: Дене қызуы болмаса да, тамақ ауырып, мұрын бітелсе, уақыт жоғалтуға болмайды
Дәрігер: Дене қызуы болмаса да, тамақ ауырып, мұрын бітелсе, уақыт жоғалтуға болмайды
© сурет интернеттен алынды
1,165
оқылды
Дене қызуы жоқ болса да, тамағыңыз ауырып, мұрын бітіп, өзіңізді әлсіз сезінсеңіз,  уақыт жоғалтуға болмайды. Инфекционист дәрігер Тамара Утағанова онлайн брифингте осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың барлығында дене қызуы көтеріле бермейді. Ауру әр адамда әртүрлі белгі береді. "Симптомсыз келгендердің көбі өзін жақсы сезінеді, алайда рентген немесе компьютерлік томография кезінде олардан вирус анықталған. Егер адамдар өз денсаулығының нашарлағанын, өзін жайсыз сезінсе, вирусқа күдіктенсе, емханадағы дәрігерлеріне немесе call-орталыққа қоңырау шалып, кеңес алғаны жөн. Дене қызуы болмаған соң, сырқатын елемегендердің көбі ауыр халде немесе орта ауыр деңгейде түсіп жатыр, - дейді дәрігер. Сонымен қатар, ол қала тұрғындарына адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тартып, иммундық жүйені көтеру керектігін айтты. "Әр адам өз иммунитетін көтеру үшін алдымен жеке гигиеналық тазалықты ұстанып, адамдар көп жиналатын жерден аулақ жүруі қажет. Дұрыс тамақтанып, ұйқысын қандырғаны жөн. Одан бөлек бет-албаты химиялық дәрілерді қабылдап, иммундық жүйені әлсіретпеген дұрыс. Тек созылмалы аурулары болған жағдайда дәрі қабылдап, оны тез емдегені дұрыс", - дейді Тамара Утағанова.