Басты міндет – халыққа көмектесу
Басты міндет –  халыққа көмектесу
5,347
оқылды

Аймақтағы шешімін таппай келген мәселелер «Бір терезе» тәсілімен шешіле бастады. Қала тұрғын­дарын жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ден­саулық, білім басқармасы және заңгерлік көмек бойынша мекеме­лер жыл­дам қызмет көрсетуде. Партиялық жоба аясында Биыл алты айда 2 737 азамат қоғамдық қабылдауға келген. Оның ішінде, 1 333-і көп­ба­лалы аналар. Қабыл­дауға кел­гендердің қатарында күнкөріс деңгейіне байланысты мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдем­десу, жеке тұрғын үй салу үшін қолдау көрсету, баспанамен қам­туға қол ұшын созуды өтінген және материалдық көмек сұрай келген көпбалалы, жалғызбасты аналар көп болды.

Сондай-ақ тұрақты жұмыс және ауылдағы ауызсу мәселесі жөнінде көмек сұраған азаматтар­дың ұсынысы тыңдалды. Осы күнге дейін 619 проблема шешімін тапты. Мәселен, 9 баласы бар жал­ғызбасты ана Жанар Берді­құловаға 150 мың теңге қаржы және мате­риалдық көмек көрсе­тілді. Көп­балалы ана Мөлдір Диқанбаева баласын №41 Бал­бөбек балабақ­шасына орна­ластырды. Әлеумет­тік мәселесі шешімін тапты. 3 087 мәселе талқылануда, қалған 326 проб­лемалар мекемелердің бақы­лауында. Екі қолға бір кү­рек таба алмай жүрген жас маман Гүлжан Ерімбетова тұрақты жұмысқа орналасты. Nur Otan партиясы тарапынан көп­те­ген мәселе жүйелі шешімін тауып жатыр.