Қазақстандықтар коронавирусты жеңіл өткеріп жатыр - министрлік
Қазақстандықтар коронавирусты жеңіл өткеріп жатыр - министрлік
© сурет интернеттен алынды
221
оқылды
Қазақстандықтар коронавирусты жеңіл өткеріп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің лабораториялық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова айтты.
"Қазір коронавирус жұқтырып, симптомсыз жеңіл формада ауырып жатқандар көп тіркеліп жатыр. Бұл ауру құрылымының генетикалық түрленуі болып жатқанын көрсетеді Біздің бақылауымызша, пневмонияның ауыр түрлері қазір мұндай көлемде тіркеліп жатқан жоқ", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, биотехнологиялар ғылыми орталығы жасаған талдау нәтижелері бойынша Қазақстан аумағында вирустың азиялық және еуропалық штаммының айналымы тіркелген. Еске салайық, қазір Қазақстанда 17 732 адамнан коронавирус анықталған. 10 897 адам аурудан айықты, 120 науқас көз  жұмды, 9809 адам симптомсыз коронавирусқа шалдыққан.