Ауа райы: Маңғыстауда аптап ыстық болса, солтүстікте жаңбыр жауады
Ауа райы: Маңғыстауда аптап ыстық болса, солтүстікте жаңбыр жауады
Фото: Интернеттен алынды
5,250
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстік және оңтүстік аймақтарда атмосфералық ауа ағындарының әсері сақталады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Басқа өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кейбір аймақта желдің екпіні күшейіп, шығыста тұман түседі. Ақмола, Қызылорда, Павлодар, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарын тұман басады. Күндіз Жамбыл Алматы, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болуы мүмкін. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.