Уақытша кедендік декларациялау (УКД) – бұл тауардың шамамен алғандағы салмағы мен алдын ала құны бар, сондай-ақ көлік құралдары туралы мәліметтері жоқ тауарларды кедендік декларациялау. Осы декларациялау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы құбыр көлігімен өткізілетін мұнай өнімдерін декларациялау кезінде де пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде кедендік операциялар жасалатын немесе жөнелтілетін орыннан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келетін немесе әкелінетін орыннан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарларды беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңі күнтізбелік айдан аспауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 375-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде орналасқан есепке алу құралдарын орнату орындары құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды жөнелту немесе әкелу орындары.
Тауарлардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын беру кезеңін белгілейді.
Тауарларға арналған уақытша декларацияны кеден органдары беру басталғанға күнтізбелік он бес күн қалғанда ғана қабылдайды.
Егер уақытша кедендік декларацияны беру кезінде нақты сатып алушы айқындалмаса, онда декларант іс жүзіндегі сатып алушылардың саны бойынша кейіннен бірнеше толық кедендік декларацияны ұсына отырып, бір шарт (келісімшарт) шеңберінде тауарлар беруге арналған бір уақытша кедендік декларация береді.
Кедендік баждарды, салықтарды уақытша кедендік декларацияны беру кезінде кеден органдары тауарларды шығарғанға дейін төлейді. Егер төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы Кодекстің 189 бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді нақтылау нәтижесінде көбейсе, қосымша ақы төлеу тауарларға арналған толық декларацияны берген кезде, оларды кеден органдары шығарғанға дейін жүзеге асырады. Көрсетілген жағдайда өсімпұлдар есептелмейді. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару Кодекстің 11-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
УКД ерекшеліктері мен ресімдеу тәртібі Кодекстің 189 бабында анықталған.
Тауарларға уақытша декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті Кодекстің 189-бабымен, сондай-ақ ҚР ҚМ 2018 жылғы 26 қаңтардағы №73 бұйрығымен ережесі бекітілген.
Тауарларға уақытша декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды тұлға мынадай іс-әрекеттерді орындайды:
1) кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 189-бабында көзделген тауарларды уақытша кедендік декларациялауды қолдану талаптары мен шарттарының сақталуын тексереді;
2) УКД бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың бүкіл кезеңі ішінде тауарлардың іс жүзінде өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
УКД -ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алуды уәкілетті лауазымды тұлға, ақпараттық жүйе арқылы УКД-ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.
Тауарлардың іс жүзінде өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың бүкіл кезеңі ішінде уәкілетті лауазымды тұлға жөнелтілетін тауардың әрбір партиясына (жеткізіліміне) коммерциялық, көліктік құжаттардың болуын тексереді.
Құжаттарда көрсетілген мәліметтер жүргізілген кедендік тексеріп қарау нәтижелеріне сәйкес келген кезде уәкілетті лауазымды тұлға «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы тауарларды шығару күнін, УКД нөмірін көрсете отырып, «уақытша декларациялау», «шығаруға рұқсат» тауарларға арналған электронды декларацияға мәліметтерді енгізеді, олар уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Тауарлар берілгеннен кейін декларант осы тармаққа сәйкес тауарларға арналған толық декларацияны беруге міндетті.
Тауарларға арналған толық декларацияны беру тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген тауарларды беру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Кодекстің 189 бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес айқындалатын тауарлардың жекелеген санаттары үшін декларанттың уәжді өтініші бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарларға арналған толық декларацияны беру мерзімін кеден органы беруді аяқтау үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге ұзартады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың іс жүзінде әкетілгенін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларация осындай тауарлардың іс жүзінде әкелінгенін растайтын құжат болып табылады.
Бұдан басқа, тауарларды белгіленген мерзім ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетпеген жағдайда, уақытша кедендік декларация Кодекстің 184-бабында айқындалған тәртіппен кері қайтарып алуға жатады.
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы Нұсқаулық Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 39 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).