Найзағай, бұршақ, аптап: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Найзағай, бұршақ, аптап: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
172
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 24 маусым түнде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік- батыстан жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 24 маусым күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады . Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел қарқыны - 15-20, екпіні - 25 м/с жетеді. Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 24 маусым түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 24 маусым күндіз Маңғыстау облысында 39 градус аптап ыстық сақталады.