"Үкімет карантиндік шараларды күшейтті": Тоқаев халықтың босаңсып кеткенін айтты
"Үкімет карантиндік шараларды күшейтті": Тоқаев халықтың босаңсып кеткенін айтты
187
оқылды
«Biz Birgemiz» онлайн-форумында Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимі аяқталған соң халықтың босаңсып кеткенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елде коронавирустық инфекциясын жаппай таралуына алаңдаушылық білдіріп, халықты сақтық шараларын сақтауға шақырды.
«Коронавирус бүкіл әлемге өте үлкен жылдамдықпен таралып жатыр. Біздің елді де ол айналып өткен жоқ. ТЖ режимі аяқталған соң біздің халық босаңсып кетті, аурудың барына сенбейтіндер артты. Кейбір азаматтар, оның ішінде мемқызметкерлер қауіптің беті сейілді деп ойлады. Біз қауіп-қатерді болжай алмадық. Медициналық талаптарды, ұсыныстарды орындамадық. Бірақ, COVID-19 әліге дейін айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Сондықтан Үкімет карантиндік шараларды күшейтті», - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы карантин күйзеліске түсетін жағдай емес деп есептейді. Ол карантин уақытында адамдардың бір-біріне қалайша жақын бола бастағанын да айтты.
«Суретшілер, музыканттар, ақындар карантин уақытында шығармашылықпен айналысқандарын жазып жатыр. Ең қиын сәттерден де пайда табуға болады. Әр дағдарыстың артында үлкен мүмкіндіктер жатыр. Біз бұл дағдарысты міндетті түрде еңсеріп, өмірге жаңа көзқараспен қарайтын боламыз. Бастысы, біз жеңіске сенуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.