Электроавтобустың сапасын тексерді
Электроавтобустың сапасын тексерді
5,303
оқылды

Алдымен ол еліміздің дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтып, соған байланысты партия­ның алдындағы ауқымды міндет­терге назар аударды. Оның ай­туын­ша, партия үнемі ілгері жыл­жып, қоғамның талаптарына сай дамып отыруы керек.

– Біздің партия – барша қа­зақстандықтарды біріктіретін елі­міздегі ең басты күш. Біз халықты ести де, тыңдай да білуіміз қажет. Бұл – Елбасы, партия Төрағасының тікелей тапсырмасы. Сондықтан адам құқықтары мен еркіндігін қорғау, лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, елдің мұң-мұқ­та­жын тыңдап, оны оң шешу, қа­шанда елмен етене болу – партия жұмысының басым бағыты, – деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ ол партияның Елбасының барлық стратегиялық бағдарламалары мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт То­қа­евтың Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін партиялық ба­қылауды күшейту керектігін айтты. Алдағы уақытта барлық партиялық жобалар қайта қаралып, халықтың өмірін жақсартуға бағытталған нақты бастамалар бойынша жұ­мыстар жандана түспек.

Үкіметтің жұмысына да тиімді партиялық бақылау жүргізіліп, министрлер мен әкімдердің тек мем­лекеттік органдардың басшы­лары ретінде ғана емес, партия мүшесі ретінде де жауапкершілігі артады. Парламент пен барлық дең­гейдегі мәслихаттардағы де­пу­таттық фракциялар да атсалысады.

– Біздің басты міндет – ха­лықтың сенімін күшейту. Өйткені біз халықтың партиясымыз. Сон­дықтан біз саннан сапаға басымдық беріп, партия қатарында белсенді түрде «тазалау» жұмыстарын жүр­гіземіз, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек партияның пікірталас алаңдарында қоғамды алаңдатқан мәселелерді ашық әрі нақты айтуы керектігін назарға алды. Одан бөлек, партия алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге де баса мән бермек.

Бауыржан Байбек партияның көпбалалы аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар сияқ­ты барлық әлеуметтік топпен жұ­мыс істеу керектігін тілге тиек етті

– Nur Otan – саяси, бірақ үкі­меттік емес ұйым. Сондықтан біз үкіметтік емес ұйымдармен бай­ланысты күшейтіп, оларға жағдай жасау керек. Әсіресе, Алматы сияқ­ты ірі қалаларда бұл басым­дық­­тың маңызы зор. Біздің қолы­мыз­да билікке әсер ете алатын тетік­тер бар. Соны тиімді пайдала­нуы­мыз қажет. Осыған орай Мем­­­­лекет басшысы партияға Ұлттық қо­ғамдық сенім кеңесінің жұмы­сы­на белсенді қатысуды тапсырды, – деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар партия алдағы уақытта талдау жұмыстарын жетілдіру, Jas Otan Жастар қана­тының жұмысын жаңғырту, халық­пен кері байланысты күшейтіп, партияның қоғамдық қабылдау жұмысын түбегейлі қайта жан­дандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын әрі қарай жал­ғастыру, тиімді ақпараттық жұмыс жүйесін қалыптастырып, пар­тияның медиалық әлеуетін кү­шейту, әлеуметтік желілердегі бел­сенділікті арттыру сияқты жұ­мыстарды қолға алады.

Жиында таяуда ғана Алматы қаласының әкімі болып тағайын­далған Бақытжан Сағынтаев пар­тия активінің бірауыздан қол­да­уымен қалалық партия филиа­лының төрағасы болып сайланды.

Nur Otan партиясы Төра­ға­сының Бірінші орынбасары Ал­маты қаласындағы шаһардың ин­дустриалды аймағында орналасқан бірқатар өндіріс орындарына арнайы барды. Сондай-ақ ол қала­дағы маңызды жолайрықтардың біріндегі жаңа жолдың ашылуына қатысты.

Бауыржан Байбек қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге Falcon Eurobus электроавтобуста­рының үшінші буынын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорын былтыр қыркүйек айында іске қосылған. Өндірістік қуаты жылына 100 автобусқа дейін жететін зауытта 1300 адам жұмыс істейді.

Falcon Eurobus электроав­тобустары барлық талаптарға сай. Мұнда мүмкіндігі шектеулі аза­маттардың мініп, түсуі үшін де қо­лайлы жағдай жасалған. Авто­бус­­тың бір реткі қуаты 550 кило­метр жол жүруге жетеді. Мұндай зауыттардың қаланың экология­сын жақсартуға да айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз.

Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, мұндай элек­троавтобустардың алғашқысы күні ертең сынақтық режимде шаһар­дағы жолаушылар тасымалының 206-бағытына жіберіледі.

Сондай-ақ бүгін Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары және Алматы қаласы әкімінің қатысуымен Қазақстан, Германия, Австрия елдері арасында электрокөлік құралдарына арнал­ған аккумулятор шығаратын зауыт­­тың құрылысы туралы үш­жақты меморандумға қол қойыл­ды. Жаңа зауыт Алматыда элек­троав­тобустар шығаруға тың сер­пін беріп, өндіріс көлемін арт­тырады.

Бауыржан Байбек аталған элктроавтобуспен жүріп, қаланың Медеу ауданына келді. Бұл жерде ол Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолының қиылысындағы жолай­рықтың жаңа жолының ашылуына қатысты.

Алты жолақты жаңа жолдың өткізу қуаттылығы тәулігіне 135 мыңнан астам автомобильді құрайды. Жалпы ұзындығы 860 метр болатын жол қаладағы көлік кептелісін азайтуға да айтарлықтай септігін тигізбек.

Сондай-ақ партия Төрағасы­ның Бірінші орынбасары Алматы индустриалды аймағында орна­ласқан Asia Steel Pipe зауытына барып, алғашқы цехтың ашылуына қатысты. Бұл жерде дәнекерленетін болат құбырлар шығарылады.

Бұдан басқа Бауыржан Байбек Tokyo Rope Almaty зауытының жұмыс барысымен және Hyundai Trans Kazakhstan зауытының құрылысымен танысты. Аталған өндіріс ошақтарында тиісінше жоғары сапалы металл торлары және жеңіл автомобильдер шыға­рылады.