Еліміздің төрт облысында ескерту жарияланды
Еліміздің төрт облысында ескерту жарияланды
223
оқылды
25 маусымда еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Қазгидромет РМК. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, күндіз бұршак күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысында да найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, 18 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Сонымен қатар, Орал қаласында 25 маусымда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.