Алматыда 15-қабаттан секіріп кеткен әйелге қатысты жаңа мәліметтер жария болды
Алматыда 15-қабаттан секіріп кеткен әйелге қатысты жаңа мәліметтер жария болды
Фото: Интернеттен алынды
195
оқылды
Оқыс жағдай кеше таңғы сағат 11-лер шамасында Бостандық ауданында болған, – деп хабарлайды AstanaTV. Куәгерлер оның денесі бөлшектеніп кеткенін айтады.
Куәгер Евгений Солдатенко: «Мен жүк тасымалдаушымын. Осы кешеннен шақырту алып, көлігіме мына үйдің жиһаздарын тиеп жүрдім. Бір уақытта күзетші жігіттердің айқай-шуы естіле бастады. Жоғарыға қарағанымша қыз баланың дене бөліктері әп-сәтте алдымда жатты. Қатты биіктен секіргендіктен ағза мүшелері жан-жаққа шашырап кетті», – дейді.
Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметін де сол маңдағы куәгерлер шақыртқан. Тәртіп сақшылары, марқұмның кім екенін анықтап жатыр. Тергеу барысында әйелдің жүйке ауруымен ауыратынын анықтаған.
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «15-қабаттағы балконның терезесінен жас әйел секіріп түсіп өкінішке орай оқиға болған жерде жан тәсілім етті. Анық болғандай бұл азаматша жүйке ауруына шалдыққан. Арнайы есепте тұрады. Болған оқиғаның толық мән-жәйлары және себеп-салдары алдағы сот алды тергеу кезінде анықталатын болады», – деді.