"Дәлізде еденде де жатыр": Ақтаудағы ауруханада науқастарға орын жоқ
"Дәлізде еденде де жатыр": Ақтаудағы ауруханада науқастарға орын жоқ
153
оқылды
Ақтаудағы провизорлық орталықта орын жоқ. Дәрігерлер науқастарды еденге, қоймаға жатқызуға мәжбүр болған. Емделіп жатқан науқастардың жай-күйін орталық қызметкері видеоға түсіріп, оны интернетке жүктеген. Видео 24 маусым күні вирус жұқтырған науқастарды қабылдау кезінде түсірілген. Роликті Қоғамдық коммуникациялар орталығы таратты.
«Видеожазбадан көргендеріңіздей, науқастарға орын жетпей жатыр. Қазіргі таңда пациенттерді өзге провизорлық орталыққа жатқызып жатыр. Стационар қажетті медициналық аппараттардың бәрімен қамтамасыз етілген. Біз бұл видеоны халықты қорқыту үшін интернетке жүктеп отырғанымыз жоқ, адамдар қауіпсіздік шараларын сақтаса екен дейміз. Қазір санитарлық талаптардың бәрін түгел сақтау қажет, мүмкіндігінше үйден шықпаңыздар», - делінген Қоғамдық коммуникациялар орталығы таратқан хабарламада.
  https://www.youtube.com/watch?time_continue=15&v=qpYQ7E8X1ps&feature=emb_logo