Журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды
Журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
230
оқылды
«Егемен Қазақстанның» жазуынша, ол өкпесі қабынып, өткен аптаның басында Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың бірінде емделген. Қуандық Шамахайұлы – Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 1993 жылдан Монғолия жазушылар одағының мүшесі. Түрік жазушысы Әзиз Несиннің, қазақ жазушылары: Оралхан Бөкейдің, Бердібек Соқпақбаевтың, Төлеген Қажыбаевтың, Гүлзат Шойбекованың және монғолиялық қазақ қаламгерлер: Кәкей Жаңжуңұлының, Батай Мақабылұлының шығармаларын монғол тіліне аударған.