25 футболшы коронавирус жұқтырды
25 футболшы коронавирус жұқтырды
179
оқылды
«Қайсардың» 10 ойыншы­сының тапсырған талдауы коронавирус бар екенін анықтады. Егер «Байқоңыр» жастар ко­ман­дасындағы инфекцияға шал­дыққандарды қоссақ, жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және бапкерлер штабы өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған тал­дауы теріс нәтиже көрсетті», – деп атап өтті Младенов. Командадағы жағдай осын­дай болғасын, бірінші кезекте Қа­зақстан чемпионаты еске түседі. Чемпионат 1 шілдеде бас­талады. «Қайсар» клубы 1 шіл­деде «Та­разға» қарсы матч өткізуі керек. Бапкер осы турасында тек шешім күтіп отырғандарын атап өтті. Бас жаттықтырушы 1 шілдеге жоспарланған ойын тағдыры туралы білмейді. Клуб жаттығу жұмысын тоқтатқан. Тек жоғары жақтан шешім күтіп отыр.  

Айбике ЖАНАСЫЛ