Халықаралық ұйымдар: ФЕТӨ – лаңкестік ұйым
Халықаралық ұйымдар: ФЕТӨ – лаңкестік ұйым
585
оқылды

Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күніне орай қазақстандық БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Есте болса, 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда Фетуллах лаңкестік ұйымы (ФЕТӨ) төңкеріс ұйымдастырып, ел іші алатайдай бүлінген еді. Содан бері өткен үш жылда Түркия билігі үшін ФЕТӨ-мен күрес негізгі басымдыққа айналды. Елшінің айтуынша, көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп жариялады.

– «Білім қозғалысының» арты­на жасырынып өздері аш­қан оқуларда жастардың сана­сын улап, мемлекеттің бар­лық мекемелеріне кіріп алған ФЕТӨ күш қолдана отырып, заңға қайшы тәсілдермен 2016 жылғы 15 шілдеде заңды үкі­мет­ті құлатып, еліміздегі демокра­тия­лық режимді жоюды көздеді. Сол күні Мәжілісіміз, Прези­дент­тік әкімшілік ғимара­ты, Ұлт­тық барлау қызметі ғима­раты, Гөлбашындағы Полиция­ның арнайы операция­лар орта­лығы, ішкі істер бөлімше­ле­ріміздің ғимараттары бомбалан­ды. Қарапайым халықты танкі­лер басып, жоғарыдан бомбалар тасталып, тікұшақтар оқ борат­ты. Гөлбашындағы Арна­йы опе­рациялар орталығын әскери ұшақтар бомбалады, салдары­нан шейіт болған 51 полиция қыз­меткерінің мүрделері та­был­мады. Сол түні 251 азаматы­мыз қаза тауып, 2 195 кісі жара­лан­ды, – деді елші баспасөз мәслихатында.

Содан бері Түркия ФЕТӨ-мен күресті күшейтті. Ел­­­ші­нің айтуынша, елдегі ерек­ше қауіп­сіз­дік шараларына қара­мас­тан, ФЕТӨ-мен ел ішін­дегі күрес заңның үстемдігі, негізгі құқық­тар мен азаматтық еркін­дік­тер­дің сақталу прин­цип­­те­ріне сүйе­не отырып жүр­гі­з­іледі. Ал шетелдердегі ФЕТӨ құрылым­дары­мен күрес Түркия Сыртқы істер министр­лі­гінің күн тәрті­бі­нің ең маңызды бөлігі. Невзат Уянык мырза осы мақ­сат­та жүр­гіз­ген жұмыстарын атап берді.

– Біздің жұмысымыздың негіз­гі өзегі – ФЕТӨ-нің қызмет атқа­ратын басқа елдерге де, шын мәнінде, қауіп төндіруі мүмкін екенін анықтау. Осы орайда 1990 жылдардан бастап ФЕТӨ тарай бастаған басқа ел­дер­де де Түркиядағыдай құ­ры­лыммен өздеріне саяси және экономикалық ықпал ету алаң­да­рын орнатуды көздегені, осыған сәйкес өздері тұрып жат­қан елдің заңдарын белден басудан тайынбағандары, құдды бір барлау ұйымы сияқты қыз­мет атқарғаны дәлелдермен баса көрсетілді. Сонымен қоса, ФЕТӨ-нің   шетелдегі әрекет алаңдарын шектеу, ұйым мүше­лерінің заңнан жалтаруы мен ақша трансферлерінің алдын алу мақсатында әкімшілік шаралар мен құқықтық процес­тер де іске қосылды. ФЕТӨ-нің шетел­дегі құрылымдарының бас­шыларына қатысты Түркия­да басталған тергеу жұмыстары аясында оларды тұрып жатқан елдерден қайтарып алу туралы талап хаттар жолданды. Әсіресе, білім саласында ФЕТӨ-ге қарсы жасалған қадамдардың басқа­лар­­ға қиянат келтірмеуі мақса­ты­­мен Түркия Маариф қоры әлемнің түкпір-түкпірінде ерек­ше жұмыс істеп жатыр. Қазіргі күні   22 елде ФЕТӨ-мен байла­ны­сы бар мектептер жабылды. Түркия Маариф қоры 19 елде ФЕТӨ-мен байланысы бар мек­теп­терді өз қорына аударып алып, білім бере бастады. 15 елде жаңадан 70 мектеп ашты. Қор атына аударылып алынған жаңа мектептерде шамамен 30 мың оқушы білім алады, – деді елші.

Оның айтуынша, көптеген елдер мен халықаралық ұйым­дар ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп жариялады. Мәселен, Қа­зақ­стан да мүшесі болып сана­латын Ислам ынтымақтас­тық ұйымы (ИЫҰ) 2016 жылғы 19 қа­занда өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 43-отырысында ФЕТӨ лаңкес­тік ұйым деп танылды; 2017 жы­лы 27 қаңтарда ИЫҰ Пар­­ла­ментер­лер одағының 12 конфе­рен­ц­иясында да бұл ше­шім рас­талды. Қазақстан да мүшесі саналатын Азия парла­мен­т­ерлер ассамблеясы тара­пы­нан 2016 жыл­ғы 1 желтоқсанда осыған ұқсас шешім қабылдан­ды; Солтүстік Кипр Түрік Рес­пуб­ли­ка­сымен қоса Пәкіс­тан Жоғар­ғы соты да 2018 жылғы 28 жел­тоқ­­санда шешім қабыл­дап, ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп таныған.

– Осы орайда Батыстың, әсі­ресе, Ұлыбританияның 15 шіл­­де әрекетін ФЕТӨ жоспар­лау­шы деген мәлімдемелері өте маңыз­ды. 2017 жылғы шілде айында түрік БАҚ-тарына сұхбат берген сол кезеңдегі Ұлыбританияның Түркиядағы елшісі Ричард Мур 15 шілдедегі төңкеріс әрекетінің артында ФЕТӨ-нің тұрғаны туралы жақ­сы білетінін айтты. Сондай-ақ Англия Парламенті 2017 жыл­ғы наурызда жария­лаған рапортта Ұлыбритания Біріккен Король­дігі Сыртқы істер ми­нис­тр­лі­гінде Еуропа істері жө­нін­дегі министр Алан Дункан «15 шіл­дені ФЕТӨ ұйымдастыр­ды ма?» деген сұрақ­қа «айтар­лық­тай дәрежеде «иә» деп жауап беруге болады» деп жауап берді. Дун­кан, сондай-ақ ФЕТӨ-нің мемлекет­тік ұйымдар мен меке­ме­лерге еніп алуына қатысты пікірін «Бір топ адам мемлекет ішінде мемлекет құрып, яғни үй ішінен үй тігіп, оны құлату үшін үкімет­ке ашық және жүйелі түрде кіріп алған деп баяндады. Күні кешеге дейін бұл шын­дықты мойындамай, Түр­кия мен әлемнің түрлі ай­мақ­тары­нан қашқан ФЕТӨ мүше­леріне есіктерін ашқан кейбір елдердің өзінің де бұл қауіп-қатердің байыбына тереңдеп бара бастағаны байқалады, – дейді ол.

Елші мырза бұл сөзіне Der Spiegel журналының 2018 жыл­ғы маусым айындағы санын­да жарияланған мақалада ФЕТӨ жақтастарының ондаған жыл­дар бойы мемлекеттік ұйым­дар­ға, әсіресе, ішкі істер органдары мен сот органдарына еніп алған­дары туралы тақырыпта ойларының бір жерден шығаты­ны жазылған, ұйымның ішінде қатал сақталатын иерархия құрылымы бар екені көрсетіл­ген. Сондай-ақ Германия Сырт­қы істер министрлігі «Анадолы» ақпарат агенттігінің тақырыпқа қатысты сұрағына «қолымыз­дағы бар мағлұматқа сүйенсек, Гүлен әрекетінің мүшелері Түркиядағы төңкеріс әрекетіне қатыспады деп айта алмаймыз» деп жауап берді.

Содан бері Түркия ФЕТӨ-мен күресті күшейтті. Ел­­­ші­нің айтуынша, елдегі ерек­ше қауіп­сіз­дік шараларына қара­мас­тан, ФЕТӨ-мен ел ішін­дегі күрес заңның үстемдігі, негізгі құқық­тар мен азаматтық еркін­дік­тер­дің сақталу прин­цип­­те­ріне сүйе­не отырып жүр­гі­з­іледі.  

ФЕТӨ-нің АҚШ-тағы құры­лымын да FBI-дің бақы­лауға алғанын айта кету керек. Үшінші елдерде ФЕТӨ-ге қарсы пайда болған түсінік аясында ұйым мүшелері депортация­лан­ды. Үшінші елдерге депорта­цияланғандар­мен қоса 20-дан астам елден 110-нан астам ФЕТӨ мүшесін Түркияға ұстап берді.

– ФЕТӨ лаңкестік ұйымы­ның опасыз төңкеріс әрекетінен кейін Президент деңгейінде елімізге алғаш болып сапарлай келген тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Түрік халқы аса мәртебелі Елбасы Назарбаев­тың көшбасшылығы­мен дос және бауырлас Қазақ­стан көрсеткен осы қолдауды ешқашан ұмытпайды! – деген елші ФЕТӨ-мен күрестің кү­шей­тілуі туралы Қазақстан­ның тиісті мекемелерімен бай­ла­ныс жалғасып жатқанын айтты.

Баспасөз мәслихатынан кейін Түркияның Қазақстан­дағы елшілігі мен Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы   ұйым­­дастырған «15 шілде – Демо­кратия және ұлттық бірлік күні» атты іс-шара өтті. Бұл жиынға еліміздегі дипмиссия өкілдері мен елшілік қызмет­кер­лері қатысты. Төңкеріс ке­зін­де қаза тапқандар рухына бағыштап құран оқылды. Жиын­­­ға кел­ген­дер қазақ бол­ғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Юнус Эмре түрік мә­дениет орталығын­да     түрік тілін үйренушілері – Әйгерім Тален мен Айгүл Диxанбаева 15 шілде туралы өлең­дерін оқы­ды.   Елшілік атау­лы күнге кел­ген қонақтар назарына Фетул­лах Гүленнің лаңкестік ұйымы­ның бейнесін сипаттай­тын The Network атты деректі фильмді ұсын­ды. Айта кетейік, белгілі бри­тан­дық журналист Эндрю Уил­сон TRT World телеко­м­паниясы үшін түсірген фильм елшілік ғимара­тын­да 19 шілдеге дейін көрсе­ті­ле­ді. Бұл күні 2016 жыл­дың 15 шілдесі күнгі саяси һәм тарихи оқиға кезінде түсі­рілг­ен сурет­тер­ден жасақ­талған фото­көрме ұйымдастырылды.