Алматыда жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды.
«30 маусымнан 3 шілде аралығында Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға үй беру бағытында құжат қабылдауды бастады», - деп хабарлады басқармадан.
Өтінімдер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы беріледі. Сайттағы авторизация электронды қолтаңба арқылы жүргізіледі.
Бұл бағдарлама бойынша баспана 5 жылға жалға беріледі. Қазір Алатау ауданындағы 13-шағынауданда 1 бөлмелі пәтерлерден бесінші пул жасақталған.
Бағдарламаға қатысу шарттарымен мына жерден танысуға болады.