100 мың теңгені кім алады?
100 мың теңгені кім алады?
372
оқылды

Арыс жағдайы бойынша Үкіметтен қолдауға берілетін қаржыны қай ауылдар алатыны белгіленді. Атап айтқанда, аталған өтемақы қаржысы Арыс қаласы мен іргесіндегі үш ауылдың тұрғындарына беріледі.

Арыс қаласындағы төтен­ше жағдайға байланыс­ты 100 мың теңге өтемақы беру бо­йын­ша түрлі сауалдар туын­дауда. Тарқатып айтар бол­сақ, аталған қаржыға байла­нысты көрші елдімекен тұр­ғын­дарынан да сұрақтар ке­ліп түсуде. Алайда Үкімет б­е­кіткен тізім бойынша өтем­а­қы беріледі. Атап айт­қанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақда­ла ауыл­дық округінде – 4 324 адам, Қожатоғай ауылдық округі бойынша – 4 232 адам, Дер­мене ауылдық округінде – 2 052 адам. Жалпы бірінші кезек­те 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Өтемақы төлеуге Үкімет резерві есе­бінен 3 млрд теңге, облыс­тық бюджеттен 1 млрд теңге және арнайы құрылған «Түр­кістан» әлеуметтік қоры­на түскен қаржыдан 1,6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.

Жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқа мерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкім­діктерінің қызмет­кер­лері жұмылдырылған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініш­тер жинақтауда.