Әлия Назарбаева Елбасына ән арнады – видео
Әлия Назарбаева Елбасына ән арнады – видео
© сурет интернеттен алынды
275
оқылды
Әлия Назарбаева танымал ресейлік композитор Игорь Крутойдың "Ангел-хранитель мой" атты шығармасы негізінде әкесі Нұрсұлтан Назарбаевқа ән арнады. Әннің сөзі  өзгертілген. Екі минуттық роликте ол алдымен отбасылық фотоальбомды көріп отырады. Одан кейін рояльмен әкесінің мерейтойына ән арнайды. Айта кетейік, бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Елбасына шетел басшылары өз құттықтауын жолдап жатыр. Олардың ішінде Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, ҚХР, Әзербайжан, Украина, Армения, Литва, Латвия, Польша мен Иордания президенттері бар. https://www.instagram.com/tv/CCSLVwknpHk/