Алматыда дәрі-дәрмектің тұрақты қоры құрылады
Алматыда дәрі-дәрмектің тұрақты қоры құрылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды
246
оқылды
Кеңесте талқыланған басты мәселе – дәрі-дәрмек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Өндірістік компаниялардың, дәріханалар желісінің және салалық қауымдастықтың өкілдері дәрі-дәрмектердің қоры және оларды уақытылы жеткізудің жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, олар процедураларды рәсімдеу және жүктерді қабылдау туралы да сөз етті. Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлік, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алу жеделдетіледі. Бұлардан өзге, кеңесте дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру мәселесі де талқыланды. Яғни, өте қажет дәрі-дәрмектердің жартыжылдық қоры жасалады. Егер дәрі тапшылығы орын алса, олар бірден қаланың дәріхана желісінен алынатын болады. Б.Сағынтаев қазіргі кезде қала тұрғындарының денсаулығын сақтау бірінші кезектегі әрі басты міндет екенін атап өтті. Денсаулық сақтаудың қажеттілігіне тиісті қаржының барлығы бөлінетін болады.    width= Қала әкімі дәрі-дәрмек нарығына қатысушыларды дәрі-дәрмектің жеткізілуі туралы шұғыл ақпарат беруге және дер кезінде көмек алуға шақырды. Барлық мәселелер шұғыл шешілетін болады.