УЕФА 2018/19 маусымдағы ең үздік голды анықтау үшін дауыс беру жариялады (видео)
УЕФА 2018/19 маусымдағы ең үздік голды анықтау үшін дауыс беру жариялады (видео)
323
оқылды

Былтыр үздік гол авторы атағын Криштиану Роналду иеленген еді

УЕФА-ның техникалық сарапшылары 2018/19 жылғы маусымдағы ең үздік голдарды анықтады. Сарапшылар кейін үздік голдардың санын 10-ға дейін азайтқан.

Тізімге төмендегі голдар кірген:

Данилу, ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі, Португалия – Сербия (1:1);

Давид Фаупала, Еуропа лигасы, "Аполлон" - "Лацио" (2:0);

Лионель Месси, Чемпиондар лигасы, "Барселона" – "Ливерпуль" (3:0);

Энцо Мийо, ЕУРО-2019 U-17, Франция — Чехия (6:1);

Нани, Еуропа лигасы, "Карабах" — "Спортинг" (1:6);

Педро, Еуропа лигасы, "Челси" – "Славия" (4:3);

Иван Ракитич, Чемпиондар лигасы, "Тоттенхэм" – "Барселона" (2:4);

Криштиану Роналду, Чемпиондар лигасы, "Ювентус" – "Манчестер Юнайтед" (1:2);

Исмаила Сарр, Еуропа лигасы, "Ренн" – "Яблонец" (2:1);

Катержина Свиткова, әйелдер Чемпиондар лигасы, "Славия" – "Бавария" (1:1).

Барлық голдардың видеосын мына жерден көруге болады.

Былтыр үздік гол авторы атағын Криштиану Роналду иеленген еді.

УЕФА-ның ресми сайтында ұнаған голға дауыс беруге болады. Дауыс беру 9 тамызда аяқталады.