Ол 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Пірімов ауылында дүниеге келген.
1974 жылы Алматы консерваториясын бітірген.
1974-1976 жылдары «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды.
1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған.Дүйсекеевтің жетекшілігімен «Тамаша», «Халық – талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде» секілді теледидарға арналған бағдарламалар шығарылды.
1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадиокомитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.
1997 жылы «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.
Кеңес Дүйсекеев «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфония поэма-картинасының, «О, дүние» кантатасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының және 200-ге тарта әннің авторы.
Композитор 1994 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
2005 жылы Дүйсекеевке «Құрмет» ордені, 2014 жылы «Парасат» ордені берілді.