Індеттен көз жұмған түркістандық дәрігерлердің отбасы жәрдемақы алатын болды
Індеттен көз жұмған түркістандық дәрігерлердің отбасы жәрдемақы алатын болды
Фото: автордан
334
оқылды
Түркістанда пневмониядан 5 дәрігер қайтыс болды. Түркістан облысында пандемия кезінде індеттен көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Ө. Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді. Жиын барысында белгілі болғаны, жалпы облыс бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған, оның 24-сі емделіп шыққан. Ал пневмония дертінен өкінішке қарай, 5 дәрігер көз жұмды. Осы тұрғыда жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі. «Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз», – деді облыс Өмірзақ Шөкеев. [caption id="attachment_56906" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: автордан[/caption] Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерге материалдық үстемеақы бойынша наурыз-маусым айларына 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн теңге берілген.