Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған 320 азаматқа айыппұл салынса, 96-сы қамауға алынды
Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған 320 азаматқа айыппұл салынса, 96-сы қамауға алынды
Фото: автордан
348
оқылды
Түркістан облысында пневмония дертін жұқтырғандар саны 5 421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2 933-ке жетті. Облыста ТЖ режимі кезінде той тойлаған 1 039 жағдай анықталып, оның 320-сіне айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өткен олнайн-брифингте мәлім болды. Облыста коронавирус инфекциясымен тіркелген адамдар саны – 2079. 1 911 адам (9 балалар) – стационарлық бақылауда (оның ішінде инфекциялық стационарда – 196 адам (2 балалар), провизорлық стационарда – 1 715 адам). 2020 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша, короновирус инфекциясымен 28 жағдай тіркеліп, бір күндік өсім 1,4 пайыз болды. Бұл аурудан жалпы сауығып шыққандар саны – 795. Ал ЖРВИ-мен 7 749 адам тіркелсе, оның ішінде 387 адам (5%) ауруханаға жатқызылған, 336 науқас (87%) емделіп шыққан. [caption id="attachment_56933" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: автордан[/caption] Облыста төтенше жағдай режимін бұзғандардың әрекеті әлде де тоқтамай тұр. Айталық, облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған (той, отбасылық мерекелер өткізу және т.б.) 1 039 жағдай анықталып, оның 320-не айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған. Дегенмен барлық аудандарда карантиндік режимнің сақталуы мен сақтық шараларын түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.  width= Жалпы, пандемиядан сақтанудың, ауырып жатқан науқастардың санын азайтудың басты жолы – ол сақтық шараларын күшейту. Көпшілік орындарға тек қажеттілікпен шығу, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Осы мәселелерге баса назар аудару керегіне тоқталған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысы бойынша 16 аудан, қалада 187 медициналық мобильді топтар жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. «Мобильді топтар күндіз-түні жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсатта оларды аудан әкімшіліктері көлікпен қамтамасыз етуде. Бұл топтар науқастарды ерте анықтап, ерте ем тағайындайды немесе ауруханаға жататын науқас болса, тез арада жолдама береді», – деді Өмірзақ Естайұлы.