Өзбекстаннан Түркістанға дәрі-дәрмек жеткізілді
Өзбекстаннан Түркістанға дәрі-дәрмек жеткізілді
Фото: автордан
386
оқылды
Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан құны 100 млн теңге болатын 142 мың қорап дәрі келді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді. Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 млн 420 мың құты, «Дексаметазон инъекцияға арналған ампулалары» – 100 мың дана, «Аспарин» – 30 мың құты. Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, сондай-ақ қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты. [caption id="attachment_57408" align="alignnone" width="1080"] width= Фото: автордан[/caption] «Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұл облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылатын болады. Келген жүк 2 айға дейін облыстағы науқастарға жетеді. Алдағы апта Туркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры келеді. Жалпы, облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн қаражат бөлініп отыр», – деді басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы. [caption id="attachment_57409" align="alignnone" width="1080"] width= Фото: автордан[/caption]