Білім беру грантына байқау жарияланды
Білім беру грантына байқау жарияланды
5,372
оқылды

Білім және ғылым министрлігі «5000 мақсатты білім гранты» бағдарламасы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін жоғары білімнің білім беру грантына арналған конкурс жариялады.

Бірден айтайық, бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балаларына арналған.

Аталған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына 2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;

2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа);

3) ҰБТ сертификатын (2019 жылғы маусымдағы);

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Бұл конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады. Олар төменде кестеде көрсетілген 5 ЖОО-ның бірінің грантына ие болады.

 

ЖОО атауы

Білім беру бағдарламасының топ номері

 

Мамандықтар

Жоғары білім бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы

1.

«Еуразия гуманитарлық институты» жоғары білім беру мекемесі

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

 

30

В002

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

 

30

2.

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы

В057

Ақпараттық технологиялар

20

3.

«Astana IT University» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

В057

Ақпараттық технологиялар

20

4.

«Астана» халықаралық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

 

25

В057

Ақпараттық технологиялар

20

5.

«Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесі

В093

Мейрамхана ісі және Мейманхана бизнесі

20

 

Жиыны:

165