Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жарақаттан қайтыс болған арыстық баланың қазасына байланысты оның ата-анасы мен туған туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында: «Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!», – деп жазды.
Кеше Нұр-Сұлтанда Арыстағы оқиғадан зардап шеккен бала қайтыс болған еді.