Дәрігерлерге денсаулық себетін сыйлады
Дәрігерлерге денсаулық себетін сыйлады
Фото: автордан
273
оқылды
Дүние жүзін бір тарының қауызына сыйдырып, әлекке салған пандемия басталғалы ақ халатты абзал жандардың антына адал болып, елге қызмет жасап жатқанының куәсіміз. Бұл акция олардың еңбегіне ризашылық пен құрметтің белгісі деуге болады. Акцияның мәні – 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру, қолдау көрсету.    width= Еріктілер 800-ден астам денсаулық себетін дайындады. Жиынтық иммунитетті көтеру және нығайтуға арналған өнімдерден құралған. «Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны бірнеше ондаған мың адамға жетті. Бірақ медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында көптеген адамдар аяққа тұрды. Дәрігерлер адам өмірі үшін тәулік бойы күресуде. Бұл қайырымдылық акциясымен біз дәрігерлерге жылу сыйлап, қолдау көрсетіп, бірге екенімізді жеткізгіміз келеді», – деді ерікті Бекембай Сахи. Акцияға Алматы қаласы бойынша коронавирустың алдын алу және болдырмау ведомствоаралық комиссия қолдау көрсетті. Игі іске арнайы дайындықтан өткен еріктілер жұмылдырылды. Олардың әрқайсысы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Акция барысында барлық сақтық шаралары ескерілді. Акцияның алғашқы күнінде жасотандық волонтерлер Орталық қалалық клиникалық ауруханаға, Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына және Қалалық жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасына барып, игі істері арқылы дәрігерлерге ықыласын білдірмек.