Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Батыс Қазақстанда аптап ыстық болады
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Батыс Қазақстанда аптап ыстық болады
Фото: Интернеттен алынды
165
оқылды
17 шілдеде еліміздің басым бөлігі әлі де антициклоның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысы атмосфералық фронтарды бөліктердің әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал. Қызылорда, Қарағанды, түнде Атырау, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты аптап ыстық болуы мүмкін. Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.